Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді

0

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы «пара алды» деген күдікке ілінді деп хабарлады жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 23 қаңтарда тараған хабарламада судьяның «сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан Қазақстан аумағынан шығуына рұқсат бергені үшін пара алғаны» айтылған. Агенттік судьяның аты-жөнін жазбаған.

Хабарламада «қылмыстық қудаланбау бойынша артықшылыққа ие судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жалғастыруға бас прокурордың келісім бергені» айтылады.

Қазақстанда жемқорлық бойынша шенеуніктер жиі сотталады, алайда көп жағдайда олар амнистиямен босатылады. 2019 жылы жарияланған Transparency International ұйымының жемқорлық индексінде Қазақстан 180 елдің ішінде 124-орында (неғұрлым көп болса, соғұрлым нашар) тұр.

Былтыр қараша айында жемқорлық бойынша айыпталған Алматының Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясына 116 мың доллар көлемінде айыппұл салынған.

Оқи отырыңыз: Жемқорлық бойынша айыпталған бұрынғы судьяға айыппұл салды

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз