«Босатылғаннан кейін бірден ата-анамның басына бардым»: Мұхтар Жәкішов бостандықтағы өмірі жайлы — Қазақстан жаңалықтары
Наурыз айында бостандыққа шыққан Мұхтар Жәкішов бүгін әлеуметтік желілердің бірінде тікелей эфир арқылы қолдаған жандарға өз алғысын айтты. Оның айтуынша осы уақытқа дейін жанкүйерлерінің жылы лебіздері жанына демеу болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Баршаларыңызға осы жылдар бойы көрсеткен қолдауларыңыз үшін рахметімді айтамын. Жауап бермегеніме ренжімеңіздер, барлық хаттар оқылып отырғаннан кейін жауап бергім келмеді. Бірақ дәлі сол қиын мезеттерде үлкен қолдау берді. Көбісі тікелей эфирге шығуыма қарсы болды, провокация бола ма деп уайымдады. Бірақ мен үндемей отыра алмадым, сіздерге алғыс білдіруім керек болды», — деп тікелей эфирге шығуына не себеп екенін түсіндірді.
Он жылға жуық түрмеде болған «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев бостандықағы күндері туралы былай дейді:
«Бостандықтағы бірнеше апта тез өтіп кетті, бір жағынан барлық балалаларым қасымда. Оларды 11 жыл көрмедім. Менің кішкентайым мені қамауға алғанда 9 жаста еді. Үлкен қызым Шевейцарияда. Карантин үшін келе алмады. Балаларым бір-бір тұлға болып қалыптасқан. Бір шетінен қызық. Бірінші күні анамның басына барып дұға бағыштап қайттым. Олар әкеммен бірге жерленген. 1-1,5 сағат жалғыз қалып, айтарым көп еді. Ата-анам «естіді» деген ойлаймын. Мен діншіл адам емеспін, бірақ олар мені естіді деген үміттемін», — деген Мұхтар Жәкішев балаларымен көп әңгімелесіп жатқанын айтты.
«Балаларымды қайтадан танып жатырмын, басқа адамға айналған. Ой-өрісі басқа, батыл, бұл мені қуантпай қоймайды. Соңғы рет көргенде бала еді, енді қалыптасқан тұлғалар», — деді Мұхтар Жәкішев.
stan.kz