«Босанғаннан кейін айтайын»: Айгүл Иманбаева сүйінші жаңалығын жария етеді
Екінші рет тұрмысқа шыққан әнші Айгүл Иманбаева бірнеше қуанышты жаңалығымен бөлісті.
«2025 жылы үйлену тойы болады. Алайда той Қазақстанда болмайды. Күйеуім екеуміз Американың Лос-Анджелес қаласында тойлаймыз деп жоспарладық. Соңғы кездері маған «аяғың ауыр ма?» деген сұрақ көп қойылады. Бұл туралы босанғаннан кейін айтайын. Міндетті түрде сіздерден сүйінші сұраймын. Ұлым Асылжанның тойы басқа форматта өтеді. Сол тойда тағы да бірнеше жаңалығымызды жария етеміз. Әр шаңырақта той болсын”, — деп жазды Айгүл Иманбаева.