«Борышымды өтей алмаспын»: Меруерт Түсіпбаева анасын туған күнімен құттықтады

0
231

Әнші Меруерт Түсіпбаева анасын туған күнімен құттықтап, желіде оған әсерлі жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өнер иесі анасына деген ақ тілегін өзінің Instagram парақшасында жеткізді. «Асыл анам, аяулы анам, туған күніңізбен. Әр қадамыма алаңдап, жетістіктеріме мақтанып, желеп-жебеп, сүрінген сәттерімде сүйеу болған , ардақтым. Бес рет арқалап Меккеге апарсам да, борышымды өтей алмаспын! Ортамызда аман жүріңіз! Шөберелеріңіздің қолынан май жалайтын күнге жетіңіз», — деп жазды Түсіпбаева. Желі қолданушылары әртістің анасын жарыса өз құттықтауларын жолдаған. «Анаңыз жүз жасасын», «Әркез жаныңызда болсын. Дені сау болсын», «Анаңыздың туған күні құтты болсын. Қуаныштары еселене берсін», — деп жазуда көпшілік.