Борис Джонсон Ұлыбритания премьер-министрі болып тағайындалды

0

Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі, Консерваторлар партиясының атынан депутат Борис Джонсон елдің премьер-министрі болып тағайындалды. Джонсон бұрынғы премьер-министр Тереза Мэйге қызметі үшін алғыс айтты.

Джонсонның кандидатурасын партияның 90 мың мүшесі қолдап дауыс берген. Ал елдің қазіргі сыртқы істер министрі Джереми Хантты 40 мың адам қолдаған. Ұлыбританияда британиялық партияның барлық мүшесі дауыс беру құқығына ие.

Джонсон Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығуын қолдайды.

Ел үкіметін басқарған Тереза Мэй мамырдың соңында отставкаға кететінін мәлімдеген. Ол Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығу ісін соңына дейін жеткізе алмағаны үшін халықтан кешірім сұраған. Осыдан кейін премьер-министрді сайлау үшін бірнеше рет дауыс беру кезеңі өтті.

Azattyq