Боралдай тұрғындары аудан әкіміне жол мәселесі бойынша жанайқайларын жеткізді

Боралдай ықшам ауданының тұрғындары Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаевқа жол мәселесіне байланысты жанайқайын жеткізді.
Билікке келгеніне 7-8 айдың жүзі болған әкім ықшам аудандағы жағдайға назар аудармаса керек. Қала тұрғындары жолдың мүлдем салынбағанына, шұңқырлардың көп болуына және кейбір аудандарда көше жарығының болмауына қапалы. Олардың айтуынша, жаңбыр кезінде жолдар аяқ алғысыз батпаққа айналса, ал қыста оларға мұз қатып, төтенше жағдайлар туғызатын көрінеді.
Әсіресе, сабаққа баратын оқушылардың аяғынан басына дейін батпақ болып, ал жедел жәрдем, басқа да көліктердің жүруі қиындай түскен. Сондықтан тұрғындар әкімнен жолдардың жай-күйіне мониторинг жүргізуін, олардың өтініштері ескеріліп, проблемаларының уақтылы шешуін сұрайды.
фото: видеодан скрин