«Бөлек тұрамыз»: Әли Оқапов алғаш рет жұбайы Ақерке Бүркітбай жайлы айтты

0

Отандық әнші Әли Оқапов алғаш рет әйелі Ақерке Бүркітбай жайлы айтты. Өнер иесі «Без прикрас» бағдарламасында отбасылық құпиясын бөлісіп, анасы Роза Рымбаевадан бөлек тұратынын мәлім етті, деп жазады Kznews.kz. тілшісі.

«Жұбайымның өнер адамы болуы негізгі талап болмады. Бастысы, менің адамым болғаны ғана маңызды болды. Менің жолым болды. Ол (Ақерке Бүркітбай — ред.) жайлы көп айта аламын. Екеуіміз кездесіп жүргенде, әр қадамымызды жарияламаймыз деп келіскенбіз. Өйткені, қарым-қатынаста әр сәт мінсіз бола бермейді. Біз анамнан бөлек тұрамыз. Мен анамнан 7-8 жыл бұрын бөлек шығып кеттім. Анам маған «Сенің бөлек шығатын уақытың келген сияқты. Сен қазір ересексің, әртіссің. Тіпті гастрольде жүресің» деді. Осыдан кейін мен біраз уақыт жалғыз тұрдым. Біз бөлек тұрамыз. Бірақ бір тұрғын үй кешенінде, көрші тұрамыз. Қазір анам әр күні үйге келеді. Ал Ақеркенің анасы Атырауда тұрады», — деді Әли Оқапов.

Естеріңізге сала кетейік, Роза Рымбаева жақында немересін бесікке салып, дүркіретіп той жасаған болатын. Ал Әли Оқапов осыдан кейін әлеуметтік желіге жұбайы Ақерке Бүркітбаймен және ұлы Зейінмен түскен суретін жариялады. Сонымен қатар Әли Оқапов ұл сыйлаған сүйіктісіне су жаңа көлік тарту етті.