Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» 10 млрд теңге аударды

0

Бизнесмен Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына 10 млрд теңге аударды. Қорға 16-25 қаңтар аралығында 42 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

Еске салсақ, «Қазақстан халқы» қоры президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылды. Ол халықты қордың қызметі ашық болатынына сендірді.

«Барлық ірі компаниялар мемлекет белгілеген салық салынатын кірістің пайызын пайдалы қайырымдылық қызметпен айналысатын қорға аударады. Бизнес-қауымдастық бұл бастаманы шын жүректен қолдайды, сондай-ақ қорды жүзеге асыруға көмектеседі деп сенемін» деді президент.

Қордағы қаражат денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт мәселелерін шешуге бөлінеді.

Қорды Болат Жәмішев басқарады.