Болат Назарбаевтың ұлы Астанада заңсыз сауда орталығын салған
Марқұм Болат Назарбаевтың 22 жастағы ұлы Ханболат Назарбаев Астанада сауда орталығын салмақ болған. Бірақ оның нысанды салуға рұқсаты жоқ болып шықты. Нәтижесінде оған айыппұл салынды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Болат Назарбаевтың ұлы 2020 жылдың 20 ақпанында елордадан Тәуелсіздік даңғылы бойындағы жер телімін сыйға (кәмелеттік жасқа толғаны үшін) алған. Бастапқыда мейрамханасы бар қонақ үй кешені болған. 2023 жылдың 5 маусымында әкімдікке аймақтың мақсатын өзгерту туралы өтінішпен жүгінген. Ол жерде сауда орталығын салғысы келген. Жауапты күтпестен мейрамханамен бірге қонақ үй кешенін бұзып, сауда ойын-сауық кешенін салуға кірісткен. Бірнеше айдың ішінде қадаларды орнатып үлгерген.
Астанада әкімдікпен сот процесі басталғанда Ханболат Назарбаев келмеді.
«Сот отырысында «Астана қаласының Қалалық қоршаған ортаны бақылау және сапасын бақылау басқармасы» ММ-нің өкілі жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген талаптардың бұзылғаны анықталғаны туралы куәлік берді. Бұл аймақта бұрын мейрамханасы бар қонақ үй кешені болған және жер телімінің мақсаты, тіркеуші органның мәліметі бойынша, «мейрамханасы бар қонақ үй кешенін пайдалану» болған”, – делінген сот хабарламасында.
Нәтижесінде сот Назарбаевқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабын (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) бұзғаны үшін 103 500 теңге айыппұл салып, барлық ғимараттарды бұзуға міндеттеді.
Сондай-ақ 22 жастағы Ханболат Назарбаевтың бірнеше компанияның негізін қалаушы екені анықталды. Олардың қатарында «Newkazgroup development» және «Amanat-building» құрылыс компаниялары, Imexpharma фармацевтикалық компаниясы және BN HAN invest group инвестициялық компаниясы бар.
Бір қызығы, 1999 жылдан 2019 жылға дейін Newkazgroup девелопмент астық сатумен айналысқан және оның құрылтайшылары Назарбаевтар отбасынан ешкімді қоспаған. Бірақ 2019 жылы компания ұзақ мерзімді профилін толығымен өзгертеді, ал 2021 жылы Ханболат Назарбаев оның тең құрылтайшысы болады.