Болат Назарбаевтың өмірден өткені туралы ақпарат тарады

0

Болат Назарбаевтың өмірден өткені туралы ақпарат тарап жатыр. Ақпараттың рас-өтірігі белгісіз.

Алайда, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі көмей ісігімен ұзақ уақыт күресіп, 69 жасында Алматы ауруханасында қайтыс болды деген ақпаратты бүгін JQ Telegram арнасына Гүлмира Әбішеваның қызы хабарлаған.

«Ауыр және ұзаққа созылған сырқаттан кейін әкеміз дүниеден өтті. Әлемнің қалай жұмыс істейтінін терең түсінетін, көп нәрсені болжай білетін жарқын, талантты, қамқор жан», — деді Гүлмира Әбішева JQ телеграм-каналына берген сұхбатында.