Болат Назарбаевтың Нью-Йорктегі пентхаусы 2 миллион долларға сатылымға шығарылды

0

“Выход к морю” Telegram арнасында Болат Назарбаевтың Нью-Йорктегі ауданы 164 шаршы метр пентхаусының сатылымға шығарылғаны туралы ақпарат жарияланды.

Нью-Йорктегі жергілікті жылжымайтын мүлік агрегаторларының мәліметінше, Болат Назарбаевтың пәтері Wall Street 55 мекен жайында орналасқан. Пәтер құны 1,995 миллион  доллар.

“Пентхаустың жалпы ауданы – 164 шаршы метр. Оның ішінде екі жатын бөлмесі, ас және қонақ бөлмесі, үш жуынатын бөлмесі мен кең террасасы бар. 2,7 миллион долларға сатылып алынған пентхаус алғашында Болат Назарбаевтың өгей баласы, Майра Құрманғалиевадан туған Даниярдың атына жазылды. Сондай-ақ оның атында дәл осы ғимараттан тағы бір пәтер бар. №702 пәтерді Данияр 2011 жылы 940 мың долларға сатпақшы болған. Бірақ Болат Назарбаев Майрамен арадағы жанжалдан кейін бұл мүлікті қайтарып алған”, – деп жазды “Выход к морю” Telegram арнасы.