Болат Назарбаев: Тойларда жас қызбен суретке түссем, соны алады деп шығарып алады – Қазақстан жаңалықтары

0

Болат Назарбаев ел аузында өзі жайлы небір қаңқу сөз айтылып жүргенін біледі. Өзі туралы айтылғанның бәрі жел сөз дегенді айтты. 

Болат Назарбаев Гулмира Нәлібайға берген сұхбатында балалық шағы, туған жері, әйелі мен елбасы жайлы әңгімелеген еді. Енді өзі туралы айтылып жүрген жел сөздерге түсініктеме берді. 

«Бір тойларға барсам, бәрі менімен суретке түсуге тырысады. Жас қыздармен түскен суретті көргендер небір әңгімелерді шығарып алады. Мына қызбен үйленеді екен деген сияқты. Желіде жазылған пікірлердің бәрін оқи бермеймін. Олардың бәріне қақпақ бола алмайсың. Сондықтан оқымаймын. Кейде мен туралы айтылмай қалса, мені ұмытып кетті деп әзілдеймін», – деді ол.

Болат Назарбаев көпшілікпен әзілдесіп жүретінін айтады. Тойларда көңілі жоқ болса да, өзгенің көңілін көтеріп жүремін дейді. 

«Елге ренжімеймін. Әркімнің сана-сезімі әртүрлі. Бәрін Алла көріп тұр. Ақиқатты Алла біледі. Бәріне ұзақ ғұмыр, бақыт тілеймін. Халқымыз, елбасымын аман болсын», – деді Болат Назарбаев

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз