Болат Назарбаев коронавируспен күресуге 150 миллион теңге бөледі – Қазақстан жаңалықтары

0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуінен кейін Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры COVID-19 коронавирусының салдарымен күресу үшін өз қаражатынан 150 миллион теңге бөлді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Болат Назарбаев

Алматы облысы әкімдігінің мәлімдеуінше, бұл қаражат облыстың короновирустың салдарымен күрес қорына бағытталады.

«Елбасының қиын-қыстау кездегі халқына үндеуі ешбірімізді бей-жәй қалдырмады. Біз өз кезегімізде жолдаудың әрбір тармағын барынша жүзеге асырауға атсалысамыз. Сондықтан жүрегінің саңлауы бар әрбір саналы адам мұндай қиын шақта өзінің қоғам алдындағы азаматтық позициясын айқын білдіруі керек», – деді «Салиқалы ұрпақ» қорының жетекшісі Қасым Қасабеков. 

Сонымен қатар, елбасының үндеуінен кейін Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры үнсіз қалмай, қол ұшын созып, COVID 19 вирусымен күрес шараларына өз қаражатынан 150 млн теңге бөлгені атап өтілді. Жалпы «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры 2016 жылдың сəуірінде құрылған. Қордың негізгі бағыты – жартылай жетім балалар мен отбасылық жағдайы қиын жанұялардың балаларын «Берекелі үй» пансионатына орналастыру, білім беру, медициналық жәрдем көрсету, сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы, мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Бұған дейін ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және үкіметтің осы күндері коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу үшін жүзеге асырып жатқан іс-әрекеттерін қолдауға шақырды.

Сонымен қатар, елбасы осы қиын-қыстау кезеңде елге көмектескісі келетін және көмектесетін адамдардың қаражатын жинайтын республикалық қор құруды ұсынды.

«Осындай қорлар әр облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қалаларда құрылуы керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз