Болат Назарбаев «Алтын Орда» базарының иесі емес — Министр

0

Болат Назарбаев «Алтын Орда» базарының иесі емес. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев журналистерге өткізген брифингте айтты.

«Біз көріп, зерттеген құжаттарға сәйкес, базардың иесі Болат Назарбаев емес. Оның жеке тұлғасы жайында басқа ештеңе айта алмаймын. Базарға Болат Назарбаевтың қатысы бар деп те заң жүзінде айта алмаймыз. Бұл базар бойынша меншік иесі ретінде тіркелген ЖШС бар, олар осы жол картасына қол қойып, міндеттеме алған. Яғни, солардан жауап сұралады. Олар реестрде тіркелген және ресми меншік иесі саналады»,—деді министр.

фото: Ratel.kz