Болат Назарбаев әйелімен ажырасты

0

Алматы облысының Қарасай аудандық соты Елбасының інісі Болат Назарбаевтың некесін бұзып, әйелін Назарбаевтың тегінен алып тастағанын жазды Ratel.kz порталы.

Болат Назарбаев пен оның әйелі Гүлнұр Назарбаева 2021 жылы 18 наурыз күні Қарасай аудандық сотына ажырасу туралы өтініш берді.

Құжатта Назарбаевтың әйелінің тегін өзгерту туралы өтініші жазылған. Ал әйелі Гүлнұр сотқа қатыспады. Бұл сот үкімін шығаруға кедергі келтірмеді.

Аудандық сот іс жүргізу оның қатысуынсыз мүмкін екенін айтты. Сот шешімі бойынша Гүлнұр Назарбаеваға Дүйсебаева тегі қайтарылды.

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің Қазақстаннан Қырғызстанға бірнеше адаммен келгенін бірден бірнеше дереккөз растады. Бішкектің «Манас» әуежайында бірқатар аты аталмаған қызметкерлер «Болат Назарбаев және тағы бірнеше адам Қырғызстан арқылы Дубайға ұшып кетті» деп нақтылады.

– Bombardier ұшағы 2022 жылдың 6 қаңтарында Манас халықаралық әуежайына қонды. Ол Дубайдан келді. Ұшақтың кімге тиесілі екені белгісіз. Коммерциялық ұшақтың жолаушылары кім, біз білмейміз. Бұл біздің міндетімізге кірмейді, – деді «Манас» әуежайының баспасөз хатшысы Әлия Құрбанова.