Болат Назарбаев: Ағамнан осы күнге дейін бір қызмет сұрап көрген емеспін — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысының құрметті азаматы, меценат Болат Назарбаев ағасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ара қатынасы жөнінде айтты. Елбасының өмірде ағасы ғана емес, әкесіндей жол сілтер адамы екенін айтты. 

Бұл туралы меценат журналист Гүлмира Нәлібайға берген сұхбатында айтты. 

Болат Назарбаев елбасының туған інісі. Өзіне ғана емес, бүкіл қазаққа басшы болған бауырын әкесі ретінде құрметтейді. Аға мен іні арасында ерекше сыйластық барын айтты.

«Мені елдің бәрі қиындық көрмеді деп ойлайды. Бәрі оңайшылықпен келмейді. Мен ағамнан бір қызметті сұрап көрген емеспін. Мына қызметте істегім келеді деп сұранған емеспін. Ағама ешқандай ауыртпалық салып көрмедім. Басшы болса, фамилиясы да жетеді дейді ғой. Жұмысымның бәрін осылайша өзім жүргізіп кеттім», — деді елбасының інісі.

Айтуынша, ағасын ерекше құрметтейтіні соншалық жатып алып телефонмен де сөйлесе алмайды екен.

«Телефоныма хабарласып қалса, орнымнан тұрып кетем. Тіпті әрі-бері жүріп кетем. Жатып алып сөйлесе алмаймын. Бұл қорыққандық емес. Бұл ағаға деген құрмет. Ол кісі маған әкемдей болып кеткен адам. Әке орнына әке болып жүр. Сондықтан құрмет тұтам», — деді Болат Назарбаев. 

 

 

 

stan.kz