Болашақта білім беру жүйесі қандай сын-қатерлерге тап болуы мүмкін?

0
42

1 желтоқсан күні Нижний Новгород қаласында таланттыларды дамытудың жетекші сарапшыларының басы қосылады

GlobalImpactConference (GIC 2022) Халықаралық конференциясы бейсенбі, 1 желтоқсан күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 9:00 бен 19:00 аралығында Нижний Новгородтағы «Росатом» корпоративтік университетінің жаңа кампусы — Маяк академиясында өтеді. Сондай-ақ, онлайн трансляцияланатын болады.

Конференция тақырыбы – « Х білім беру болашақтың катализаторы». Онлайн трансляцияны сайттан 1 желтоқсан күні сағат 9:00 бастап көруге болады.

Әлемнің 20 елінен келген сарапшылар өңірлік тәжірибемен бөлісетін болады. Іс-шараға Үндістан, Қытай, Түркия, БАЭ, Оман, Армения, Қазақстан, ОАР, Бразилия, Вьетнам, Мысыр, Африка мен Латын Америка елдерінен білім беру саласының 30-дан астам өкілі қатысады. Спикерлер қатарында – «Росатом» мемлекеттік корпорацияның бас директоры Алексей Лихачев;Мемлекеттік Третьяков Галереясының директоры, Зельфира Трегулова; «Росатом» мемлекеттік корпорациясы бас директорының орынбасары, Татьяна Терентьева; БАӘ жоғары технологиялық колледждердің бұрынғы президенті әрі ректоры, МетаВерсити негізін қалаушы, жоғары мәртебелі профессор Абдуллатиф әл-Шамси; Нигерия университеті жаратылыстану ғылымдары факультетінің ең алғашқы әйел-деканы,       Франсиска Ннека Океке; Neurobotics негізін қалаушы және бас директоры Владимир Конышев; ғылым кандидаты, педагог, жазушы, білім берудегі инновациялар зертханасы (Пәкістан), Доктор Назир Джогезай; Oman Tourism Development Company адами капиталды дамыту бойынша директоры, Хилал аль Джадиди; ШЫҰ-на мүше елдердің технологиялар трансфері Қытайдағы орталығының директоры, Чжао Чжуньюань; Africa4Nuclear қорының және басқалардың негізін қалаушы,    Принцесс Мтомбени бар;

GIC 2022 Бағдарламасы:

  • Білім берудегі инновация конкурсы финалистерінің питчингі
  • Пленарлық отырыс. Адам бойындағы өнер, ғылым және бизнесті тану
  • Дөңгелек үстел. Әлемді өзгерту үшін білім берудегі өзгерістер
  • Білім берудегі инновация конкурсының жеңімпаздарын марапаттау
  • Сөз сөйлейтіндер: Learnblue атқарушы директоры Джошуа Габриэль Олувасейи / Нигерия; Жоғары білім, инновация, ғылым және технологияларды дамыту министрі, Амон Мурвира / Зимбаве Республикасы;
  • Паблик-ток. Корпоративтікджедаи: JEDI-әлеміндегіHR-трендтер [Justice — Equity — Diversity — Inclusion]
  • Шоукейс. Болашақтың білім беру жүйесі неге тап болады? -AR-дан бастап Web3-ке дейін
  • Сөз сөлеу. Көшбасшы әйелдер
  • Халықаралық диалог. Болашақтағы әйелдердің тұлғасы. STEMатизация
  • Панельдің сессия. Уақытпен бірге. Тұрақты даму маманы, science-суретшілер мен нейроробототехник сынды болашақ мамандықтары туралы
  • «Жарқын болашақ жолындағы кедергісіз мансап» тақырыбындағы панельдік дискуссия

Сарапшылардың пікірталасынан өзге, GIC 2022 бағдарламасы аясында білім беру саласындағы инновациялық жобалар халықаралық байқауының жеңімпаздары анықталады. GIC алаңында impact team 2050 халықаралық жастар жобасына қатысушылардың кездесуі өтеді. Олар өз кезегіндеEducationX талдамалы баяндамасын ұсынбақшы. Онда әртүрлі елдің жастары бүгінгі таңда білім беру жүйесіндеқандай кедергілер анықтағаны және инженерлік мамандықтарға назар аудара отырып, білім беруді тартымды ету үшін қандай мүмкіндіктер барыайталады.

Сондай — ақ, GIC 2022 бағдарламасында —  мектептегі білім берудің инновациялық жолдары танысу, жетекші корпоративтік университеттердің кейстері, сарапшылардың қатысуымен пікірталастар мен дөңгелек үстелдер бар.

GlobalImpactConferenceөткізудегі мақсат – түрлі елдердің сарапшыларымен бірге білімді қолжетімді етуге мүмкіндік беретін жұмыс істеп тұрған құралдарды жан-жақты тақылау және оған мүмкіндіктері жоқ өңірлерге қалай енгізуге болатынын талқылау.

 

Іс-шараға қатысу үшін мына сілтемебойынша тіркелу қажет

Global Impact Conference  (GIC) — бұл әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі сын-тегеуріндерінең серудегі шешімдер іздеу үшін тұрақты даму саласындағы сарапшылардың басын біріктіретін халықаралық платформа. Өткен жылы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі серіктестік тақырыбындағы дискуссияны әлемнің 30 елінен 750 мыңнан астам көрермен тікелей эфирде тамашалады.

Іс-шараға қатысатын БАҚ тіркелу міндетті:

Тел.: 8 (989) 580-15-45

Е-mail: pr@impactconference.global