«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы қызметінен кетті
«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Әлия Оспанова қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметі басқарма басшысы Әлия Оспанованың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кеткенін мәлімдеді.
Әлия Оспанова 1987 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Қазақ-Британ техникалық университетінің, Imperial College London (Ұлыбритания) және Quantic бизнес мектебінің (АҚШ) түлегі. 10 жылдан астам халықаралық ұйымдарда (Microsoft, Ericsson, RELX Group (Elsevier) басшылық қызметтерді атқарды. Сонымен қатар мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда, ТМД елдерінде білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге қатысқан.
Әлия Оспанова Өзбекстан Республикасының ғылымы мен білімін трансформациялау жөніндегі «Ilm-fan 2020» бағдарламасының, «Жоғары білім беру жүйесін дамыту” тұжырымдамасының, ЖОО рейтингтерін жақсарту бойынша бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың авторы. Сондай-ақ ол білім және ғылым саласы бойынша халықаралық сарапшы.
Еске салсақ, бұған дейін «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне бюджеттен қанша ақша жұмсалатыны белгілі болған еді.