Бокстан ерлер құрамасының барлық жаттықтырушылары жұмыстан шеттетілді
Қазақстан бокс федерациясы кадрлық өзгерістер туралы хабарлады.
«Париждегі олимпиада қорытындысы бойынша жаттықтырушылар кеңесі өтті. Бокстан ерлер құрамасының жаттықтырушылар құрамы жұмыстан толығымен шеттетілді. Қазақстан бокс федерациясының шешімі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері Комитетімен келісілді», — делінген федерация хабарламасында.
Бас бапкер Мырзағали Айтжанов пен жаттықтырушылар штабының 10 маманы қызметтен босатылды, сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов қызметінен кетті.
Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі лауазымына бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов тағайындалды.
Фото: ашықдереккөз