Бокстан ел чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды

0

Екі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық жұптар анықталды. 52 келіде Азат Махметов (Астана) пен Әнуар Мұзапаров (Алматы облысы), Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) пен Абай Қуандықов (Ақтөбе облысы) жұдырықтасады. Алтын үшін таласатын төрт жігіттің де чемпионат жүлдесіне қол жеткізетіні сөзсіз. 

Аса ауыр салмақта ұлттық құрама үздігі Қамшыбек Қоңқабаев бет қаратпай келеді. Ол жартылай финалда ақтөбелік Ержан Сейтімбетовпен кездеседі. Жартылай финалдың екінші жекпе-жегінде Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы) мен Айболды Дәуренұлы жолығады. 

56 келідегі басты жаңалық – Азиада чемпионы Ілияс Сүлейменовтің Оразбек Асылқұловтан ұтылуы. Ал бұл салмақтағы әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев ширек финалға сүрінбей өтті. 

56 келі, ширек финал:

Қайрат Ералиев (Түркістан облысы) — Нұрсұлтан Исахан (Астана) 

Жандос Шерәлі (Алматы) — Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл облысы) 

Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау облысы) — Айбек Досанов (Алматы облысы) 

Сағындық Молдашев (БҚО) — Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы)   

64 келі, ширек финал:

Бекдәулет Ибрагимов (Түркістан облысы) — Ділмұрат  Межитов (Алматы) 

Алмазбек Әлібеков (Шымкент) — Сабыржан Бекбергенов (Ақмола облысы)

Николай Шваб (Қостанай облысы) — Мирасәлі Сәрсенов (Жамбыл облысы)

Дулат Бекбауов (Жамбыл облысы) — Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы)   

69 келі, ширек финал

Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы) — Руслан Шаймерденов (Қарағанды облысы)

Маулен Өскенбек (Маңғыстау облысы) — Бекболат Құрамысов (Атырау облысы) 

Қанағат Маралов (Астана) — Бекзод Халметов (Шымкент) 

Аятолла Такижанов (Павлодар облысы) — Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы)