Бокстан әлем чемпионатында Қытай құрамасы озды

0

Аспан асты елінің арулары 4 алтын мен 1 күміс медальді олжалады. Екінші орында – Тайпей құрамасы. Олар екі бас жүлдені еншіледі Үндістанның өкілдері 1 алтын, 1 күміс және 2 қоланы қоржынға салып, үздік үштікті қорытындылады. Одан кейінгі орындарда Солтүстік Корея (1 алтын, 2 қола), Германия (1 алтын, 1 қола), Ирландия (1 алтын), Украина (2 күміс), Түркия (1 күміс, 2 қола) және Голландия мен Қазақстанның (1 күміс, 1 қола) боксшылары. Міне, осы жарыстағы озық 10 команда осылар.

Естеріңізге сала кетейік, Нью-Делиде өнер көрсеткен Қазақстанның былғары қолғап шеберлері арасынан Жайна Шекербекова (51 кило) күміс алса, Карина Ибрагимова (60 кило) қолаға қол созды.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»