Бокстан АЧ: бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева жүлдегерлер қатарына қосылды

0

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Әйгерім Сәттібаева жартылай финалға жолдама алды.

Әйгерім 48 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Офелия Маньомен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек тартысты өтіп, төрешілер шешімімен жеңіс Ә.Сәттібаеваға берілді.

Ә.Сәттібаева – белгілі боксшы, Азия чемпионы, Рио Олимпиадасына қатысқан Олжас Сәттібаевтың зайыбы, бес баланың анасы. 2010 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған Әйгерім спортқа ұзақ үзілістен кейін өткен жылы оралған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Диас Молжігітовтің жартылай финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Дулат Бекбауов малайзиялық боксшыны нокаутпен ұтты.

Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының жартылай финалына өтті.