Боксшы жекпе-жекте қарсыласын емес, төрешіні нокаутқа түсірді
Спорт
Қысқа сілтеме алу
Төреші төбелесіп жатқан спортшыларды ажыратпақ болғанда, басынан соққы алып құлайды. Жекпе-жекті тоқтатуға тура келген
НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Жапонияда бирмалық бокстан өткен Lethwei 14 in Japan турнирінде спортшы төрешіні нокаутқа жіберді. Видео Twitter желісінде жарияланды.
Жекпе-жектің жетінші секундында төреші жұдырықтасып жатқан боксшыларды ажыратпақ болғанда, басынан ауыр соққы алып, тәлтіректеп барып құлайды.
Жекпе-жекті тоқтата тұруға тура келді, өйткені төреші біраз уақытқа дейін өз-өзіне келе алмаған.
Бирмалық бокстың ерекшелігі – қолғаптың орнына дәке орайды, сондай-ақ баспен ұруға рұқсат етіледі.
sputniknews.kz