Боксшы Жанқош Тұраровтың үшінші перзенті дүниеге келді
Отандық спортшы Жанқош Тұраровтың үшінші қызы дүниеге келді. Ол — бірінші салмақтағы WBO Inter-Continental титулының иегері.
Қуанышты хабарды боксшының өзі желідегі парақшасына бөлісті.
«Иә, Алла, көрдім бе, көрмедім бе?!
Иә тәңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шыныменен өмірге келгенің бе?!
Қызым болсаң, қырымда құралайсың,
Ұлым болсаң, ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?!
Аллаға шүкір, әне міне дегенше үш қыздың әкесі атандым. Алланың бергеніне шүкір етіп, сансыз мадақ айтамын. Достар сіздердің де әулеттеріңізде шырылдаған сәбидің дауысы көп болсын…» — деп жазды боксшы.
Еске салсақ, 31 жастағы Жанқош Тұраров 2016 жылдың қараша айында үйленді. Әйелінің есімі — Клара. Ерлі-зайыптының Алиянна және Ясина есімді қыздары бар.