Боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзіне берілген көліктен бас тартты

0

10 желтоқсан күні Алматыда өткен бокс кешінде кәсіпкер, меценат Дулат Тастекеев кәсіпқой боксшы WBO және IBF тұжырымы бойынша екі чемпиондық белбеудің иегері Жәнібек Әлімханұлына Zeekr 001 автокөлігін сыйлады. Алайда, спортшы көліктен бас тартты. Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Боксшы бұл көлікті менеджері Берік Сұлтанға сыйлады.

«Баршаңызды көргеніме қуаныштымын. Сіздердің қолдауларыңызды мұхиттың арғы жағынан сезінеміз. Көп рахмет сіздерге. Дулат аға, сыйлығыңызға көп рахмет. Осы сәтті пайдалана отырып өзімнің інілігімді, қазақылығымды, бауырлығымды жасағым кеп отыр. Біз Qazaq style-ды әлем тарихында қалдырамыз. Сол тарихты менімен бірге қашап, жазып жүрген – Берік Сұлтан. Ол менің ағам, менеджерім. Бұл кісі болмаса біздің Qazaq style тарихы әлсіз жазылушы еді. Сондықтан осы кісіге рахмет. Темір тұлпар өзіңіздікі. Жанқош бауырым жеңіске жетсін, сәттілік», – деді Жәнібек Әлімханұлы.

Сыйлықты қабыл алған Берік Сұлтан мұндай сыйды мүлде күтпегенін айтты.

«Барлықтарыңыз қазақ спортының жанкүйерлері екендеріңізді білеміз. Екі үлкен белбеуді жеңіп алдық. Алдымызда Чарло (Джермалл) бар, Канело (Альварес) бар. Соларды құлатуды нәсіп етсін», – деді ол

фото: luxfm.kz