Боксшы тоқашқа шашалып көз жұмды

0
Боксшы тоқашқа шашалып көз жұмды


Оны дәрігер мен өрт сөндіруші құтқармақ болған.

Буэнос-Айресте 56 жасында аргентиналық боксшы Марио Мело дүниеден озды.

Мело өткен демалыста жылдамдыққа круассан жеу жарысына қатысықан. Бұрынғы боксшы үшеуін жеп үлгереді де, шашалып қалады. Дәрігер, өрт сөндіруші сияқты бірнеше адам тыныс жолын тазартуға тырысқанымен, ер адам көз жұмды.

Мело 1984 және 1998 жылдар аралығы кәсіпқой рингте 30 жекпе-жек өткізген, оны 21 кездесуінде жеңген (нокаутпен 17). Аргентинадан тыс ол Италия, Бразилия, АҚШ пен Данияда жұдырықтасқан.

Оның есте қалған жекпе-жегі 1990 жылы жартылай ауыр салмақта WBO белбеуін қорғаған америкалық Майкл Мурермен (52-4-1, 40 КО) болды. аргентиналық алғашқы раундта нокаутпен жеңілді, осыдан кейін ол үш жыл рингке шыққан жоқ. Кейін тек аса ауыр салмақта жұдырықтасты. 

Дереккөз: vesti.kz