Боксшы қарсыласымен бірге төрешіні де нокдаунға түсірді

0
Боксшы қарсыласымен бірге төрешіні де нокдаунға түсірді


Муайтаймен айналысатын қытайлық Гоу Дакуй жекпе-жек кезінде Super X лақап атты тайландық қарсыласын ғана емес, төрешіні де нокдаунға жіберді.

Max Muay Thai турнирі кезінде төреші жекпе-жекке араласа бастаған кезде, тай боксшысы Гоу Дакуй оны басынан бір тепкен. Төреші жерге құлап, көп ұзамай есін жиды. Тартысты жекпе-жек Дакуйдің жеңісімен аяқталды.

Оқиғадан кейін Дакуй төреші мен қарсыласынан кешірім сұрады. Соққы әдейі жасалмағанға ұқсайтыны айтылады. Дакуй 9 рет жеңіліп, 21 жеңіске жеткен, ал Super X 32-ші рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, ол 60 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз