Боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев жеңіске жетті

0

2018 жылғы 24 желтоқсан 00:32 382

Титулды жекпе-жек: Боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев жеңіске жетті

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат — Қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаев Мәскеудегі бокс кешінде WBC ASIA титулы үшін бірінші орта салмақта филиппиндік Арнел Тинампаймен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыраулық жас боксшы Нұрсұлтан бұған дейін кәсіби бокста бес кездесу өткізсе, соның төртеуін нокаутпен аяқтаған болатын. Оның қарсыласы А.Тинампай (25-22-1, 11 КО) талайды көрген тәжірибелі боксшы еді.

Он раундқа созылған аса тартысты бәсекеде боксшылар бір-біріне беріспей, барын салды. Әсіресе, бесінші раундта Нұрсұлтанның соққылары көбірек дөп тиді. Дегенмен кездесу барысында оның филиппиндік қарсыласы да алға ұмтылып бақты.

Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Н.Жаңабаевқа берілді. Осылайша ол Мәскеу төрінде WBCASIA титулын жеңіп алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Айдос Ербосынұлының WBO GLOBAL титулын жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

 

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz