Боксшы Иман Хелиф ар-намысын қорлау фактісі бойынша прокуратураға шағым түсірді

0

Олимпиада чемпионы атанған алжирлік спортшы Париж прокуратурасына шағым түсіріп, оны желіде қорлау жағдайларын тергеуге шақырды.

«Боксшы Иман Хелиф әділдік, абырой мен ар-намыс үшін жаңа күресті бастауға шешім қабылдады. Тергеу осы мисогинистік, нәсілшіл және сексистік науқанның артында кім тұрғанын анықтайды», — деп спортшының адвокаты Набила Буди мәлімдеді.