Боксшы Данияр Елеусінов мәлімдеме жасады

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Боксшы керемет жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Қарсыласы да рингтегі кездесуді асыға күтіп отырғанына сенім білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов алдағы жекпе-жегі қарсаңында баспасөз мәслихатына қатысты.

Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) рингте америкалық Алан Санчеспен кездеседі. Жекпе-жек  Дэниел Джейкобс — Сезар Чавестің андеркардында өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен осында болғанына өте қуаныштымын. Жақсы дайындалдық, жекпе-жекке әзірміз. Бұл керемет жекпе-жек болады. Қарсыласым да дайын деп ойлаймын. Жұма күні бәріне өзімнің мүмкіндігімді көрсетемін», — деп айтты Данияр Елеусінов.

28 жастағы қазақстандық 20 желтоқсан күні Финикстегі Talking Stick Resort (Аризона, АҚШ) аренасында өнер көрсетеді.   

Елеусінов пен Санчестің жекпе-жегі он раундқа жоспарланған. 28 жастағы Алан Санчесте (20-4-1, 10 КО) бұған дейін WBC Continental Americas чемпионының титулы болған.

Еске сала кетсек, 14 қыркүйек күні Нью-Йоркте Елеусінов Решард Хикспен кездескен болатын. Қазақстандық спортшы бұған дейін жеңіліп көрмеген қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Тағы оқыңыз: Данияр Елеусінов жеңілмеген америкалықты бірінші раундта сұлатып салды – видео

Елеусінов 2018 жылдың сәуір айында Нью-Йоркте алғаш рет кәсіпқой рингке шықты. Оның қоржынында 2016 жылдағы Олимпиада алтыны, 2013 жылы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, 2013, 2015 жылдардағы екі дүркін Азия чемпионы жүлделері бар.



sputniknews.kz