«Бокс пен коррупция». Головкин «Канело» туралы бір шындық айтты
Бокста қалыптасқан жағдайды түсінуіміз керек.
Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Fighthype.com журналисіне берген сұқбатында өзінің қарсыласы Сауль «Канело» Альвареске деген көзқарасын білдірі, деп хабарлайды Sports.kz.
– Әрине, мен екеуміздің екінші жекпе-жегімізді көрдім. Боксты мен де білемін, менің ойымша мен жеңіп едім. Бұл менің өз пікірім, біреулер келіспесе өздері біледі. Біздің үшінші кездесуіміз басқаша жағдайда болып жатса, оның мазмұны да мүлдем басқаша болады.
– «Канелоға» қарсы келесі жекпе-жекте сіз баяғыдай мексикалық стильдегі боксты ұстанасыз ба?
– Егер ондай жекпе-жек болып жатса, ол алдыңғы екі кездесуімізден де қызығырақ болар еді. Өйткені біз бір-бірімізді енді шынымен де жақсы білеміз, мүмкіндіктерімізді толықтырып, тактиканы өзгертеміз. Ол кездесуді екеуміз де уақытынан бұрын аяқтауға күш салар едік.
– Екі айқастан кейін Канело екеуіңіздің араңызда араздық бар ма?
– Жеке басына ешқандай ренішім жоқ. Ол спортшы, оған қандай араздығым болуы мүмкін? Екеуміз де боксшымыз. Бірақ дәл осы бокста қалыптасқан жағдайды түсінуіміз керек. Мен қазір неге мұнда өз промоушеніммен жүрмін — мен көрерменге бокстың басқа жағын көрсеткім келеді, бокс тек коррупция ғана емес, оның өте қызықты спорт түрі екенін паш еткім келеді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz