Бойжеткен жігітін шешіндіріп, ағашқа байлап, өзі қашып кеткен

0

Бойжеткен жігітін шешіндіріп, ағашқа байлап, өзі қашып кеткен

Қытайлық Чжоу есімді бойжеткен көңіл жарастырып жүрген жігітімен үйленіп, тойын жасау үшін өзінің бұрынғы жігітін тонаған.


 
Ол бұрынғы жігітінің үйіне қонаққа келіп, онымен қайтадан қосылғысы келетінін айтқан. Оны әлі де жақсы көретін 43 жастағы азамат бұған қатты қуанып, қолма-қол қаражат алып, бойжеткенмен бірге дүкен аралауға шыққан. Сауда үйінен шыққаннан кейін олар паркке барған.  31 жастағы бойжеткен одан ағаштардың арасынан тасалау жер іздеуді сұраған. Содан кейін шешінуді өтінген. Осылайша бойжеткен жігітті шешіндіріп, ағашқа байлап, оның киімдерін, телефонын алып, өзі қашып кеткен. Жігіт екі сағаттан кейін ғана босай алған. Үйіне келіп, киініп, содан кейін полицияға барып азыр жазған. Біраз уақыттан кейін полиция қызды тұтқындаған. Қыз бұл уақытқа дейін ұрлаған ақшасын жұмсап үлгерген. Тергеу кезінде қыз қазіргі жігіті екеуінің жалдап тұрып жатқан үйге төлейтін ақшалары болмағанын, жігіті ақша тапса қызға үйленетінін айтқанын мойындаған. Бойжеткен сол себепті де ұрлыққа барған.
 
Дереккөз: Сегодня
 

http://inform.kz