Бойжеткен сүйіктісінің қайтыс болғанын естігеннен кейін өзін-өзі өлтіріп тастады
Англиялық 29 жастағы регбиші Джейсон Фрэнсис пен Элис Робинсон есімді бойжеткен 8 жыл кездесіп жүрген.
Олар бірге әлемді аралап, білтыр ғана Аустралияға көшіп келіпті. Алайда ер адам оқыс оқиға салдарынан көз жұмды. Джейсон достарымен бірге сауық кешіне барып, мас күйінде үйіне қайтып келе жатқан. Осы кезде 18 жастағы пицца жеткізуші оны көлігімен қағып кетіпті. Жас жігіт бірден тоқтап, полиция шақырған. Артынша үйінің маңынан полицейлердің көлігін көрген Элис көшеге жүгіріп шығып, сүйіктісімен болған жайтты біледі.
Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, регбиші көз жұмды. Алайда мұнан кейін тағы бір қайғылы жағдай орын алды. Ғашықтардың достарының сөзінше, Элис сүйіктісінің қайтыс болғанын естігеннен кейін бірден ауруханадан кетіп қалған. Артынша ол қоңырауларға жауап беріпті. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін ол өлі күйінде табылды. Анықталғандай, бойжеткен өзіне қол жұмсаған. Оның анасының сөзінше, қызы сүйіктісінің өлімін көтере алмапты.
«Менің қызымның қайтты қайғырғаны сонша, өзінің сүйікті Джейсінсіз өмір сүре алмады. Сондықтан өзіне қол жұмсауды ұйғарды», – дейді Элистің анасы.
Дереккөз: stan.kz