бойжеткен сүйіктісін қатерлі ісіктен аман алып қалды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жігіт бір жыл ішінде қауіпті сырқаттан айықты

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым — Sputnik. Ұлыбританиялық Эмма Мэйор сүйіктісін құшақтаған кезде арқасындағы қатерлі ісікті байқап қалған, деп жазады The Mirror.

Жігіттің өзі білмеген сырқатты бойжеткен көріп, оған дәрігерге баруға кеңес берген. 

Тағы оқыңыз: Жарты жыл көңіл қосқан ғашықтар үйленер кезде туыс екендерін білді

«Мен Джеймсті құшақтағанда, оның арқасындағы қатты бір бөртпені көріп, бірден қауіпті ісік деп ойладым», — дейді Эмма.

Алайда жігіт қыздың сөзіне айтарлықтай мән бермепті. Өйткені бұған дейін денсаулығы мықты болған.

«Бастапқыда мен қатты қобалжыған жоқпын. Бұған дейін еш сыр бермесе, қауіпті дерт емес деп ойламадым», — дейді Джеймс Кэтлоу.

Бірақ сүйіктісі оның ауруханаға баруын талап еткен. Дәрігерлер Джеймсте Юинг саркомасын анықтады. Жігіт бір жылдан астам уақыт бойы емделген. Нәтижесінде сырқаттан айықты.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар қандай адамның бұрынғы сүйіктісін аңдитынын айтты

«Қатерлі ісікті анықтаған кезде біздің танысқанымызға небәрі бес ай ғана болатын. Джеймс өмірін құтқарғанымды үнемі айтып отырады. Мен оның өмірін ғана емес, екеуіміздің болашағымызды сақтап қалдым деп ойлаймын «, — дейді бойжеткен.

Юинг саркомасы негізінен, қабырға, жауырын, жамбас, омыртқа мен бұғананы зақымдайды. Бұл өте қауіпті қатерлі ісіктердің бірі.



sputniknews.kz