Бойжеткен полицейлердің «тосынсыйын» көріп, абдырап қалды
Полиция Монмут-Бич қаласының тұрғынына 14 жыл бұрын тауып алған ақшасын қайтарып берді
АСТАНА, 12 желтоқсан — Sputnik. АҚШ-та 26 жастағы Пэйдж Вуди он төрт жыл бұрын үш доллар тауып алып, полиция бөлімшесіне әкеліп тапсырған.
Оқиға 2004 жылы болған, ол кезде Вуди бар-жоғы 12 жаста еді. Қыз көшеден үш доллар тауып алып, полиция бөлімшесіне алып барған. Содан бері ақша айғақ зат ретінде сақталған. Осы уақыт ішінде ақшаны ешкім іздеп келмегендіктен, полиция оны тауып алған адамға беруді ұйғарады, деп жазды Сегодня.
Шымкент әкімінің тосынсыйы мұғалімдерді қуантты
Полицияның күтпеген жерден келуі Вудидің зәресін ұшырды.
«Олар «2004 жылы не істегеніңіз есіңізде ме?» деп сұрады. Ол кезде не болып еді деп абдырап қалдым. Алайда 2004 жылы жаман нәрсе жасайтындай жаста емес едім «, — деді Пэйдж Вуди.
Полиция қызметкері оның тауып алған затын есіне салып, конверттегі үш долларды берді.
«Бұл Рождествоның ғажайыбы», — дейді қыз.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/