Бойжеткен коронавирусты өмірдегі ең жақсы оқиға деп атағаны үшін сынға ұшырады — Қазақстан жаңалықтары
АҚШ-та tiaradactyl лақап атты Reddit қолданушысы коронавирусты оның өміріндегі ең жақсы оқиға деп атады. Ол бұл ұстанымын эпидемия кезінде армандаған жұмысқа тұра алатындығымен түсіндірді. Осыған қарамастан, көпшілік қызды сынай бастады, ал оның жазбасы бірқатар желі қолданушыларының көңілін қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Американдық бойжеткен коронавирустың таралуына байланысты енгізілген карантиннің кесірінен жұмыссыз қалғанын айтты. Содан кейін ол бос жұмыс орындарын онлайн қарауға шешім қабылдады. Нәтижесінде ол армандаған жұмысын тауып, саябақтың қараушысы бола алды.
Tiaradactyl-дың айтуы бойынша, бұл оқиға ол үшін үлкен бақыт болды, ол қуана айқайлап, билеген. Қыз жаңа жұмысында итімен бірге саябақта тұра алатындығын түсіндірді. «Маған жалдау ақысын төлеудің қажеті жоқ, мен көшеде 100% боламын. Мен өте бақыттымын», — деп аяқтады ол.
Басылым 100 мыңға жуық лайк жинады, автор оның тарихын жоғары бағалайтын қолданушылардан бірнеше виртуалды марапаттарға ие болды. Алайда, көптеген адамдар үшін коронавирус індетіне жақсы көзқарас туралы хабарлама теріс реакция тудырды.
«Мен сіздер үшін өте қуаныштымын, бірақ келесі жолы COVID-19 сізбен болған ең жақсы нәрсе деп жазмаңыз. Себебі олай емес», — деп жазды SwissTanuki. SongRiverFlow қызды құттықтап, бірақ оның әкесінің сол күні бес науқасы қайтыс болғанын атап өтті. Жауап ретінде бойжеткен ешкімді ренжіткісі келмейтінін жазды және нашар сөздер үшін кешірім сұрады.
stan.kz