Блогерлер: Instagram-дағы лоторея — өтпей тұрғанды өткізіп жіберудің жолы — Қазақстан жаңалықтары

0

Бағы жанғандар жаңа смартфон, тіпті темір тұлпар иеншіленсе, кейбірі салған ақшасы ақталмай қол қусырып қалады. Блогерлер мен әншілер ұйымдастыратын лотерея мен ұтыс ойындарына мәдениет министрлігі енді қатаң түрде тыйым салды.

«Инстаграмда» ұйымдастырылатын ұтыстардың қайсысы заңды, министрліктің шешімі жайлы ұтыс ұйымдастырушылары не ойлайды, осы жайлы Stan.kz материалында.

Желідегі ойындардың барлық түрі заңсыз

Заңгер Нұржан Мереев лотереяны өткізу туралы рұқсаты жоқ ойындардың барлық түрі заңсыз болып есептелетінін айтады. 

«Айналып келгенде желідегі ұтыстардың барлығы — лотереялық ойындар. 2016 жылы шыққан Лотерея ойындары және лотерея ойындары туралы қызмет заңында көрсетілгендей, оны ұйымдастыратын адамдарда арнайы лицензия болу керек. Лицензиясы бар адамдар ғана  лотерея ұйымдастыра алады, қазір Қазақстанда мұндай құзіреті бар мекеме «Satti Zhuldyz» АҚ операторы», -дейді ол.

Ұтыстан түскен пайданың 15%-ы мемлекеттік қазынаға салық  ретінде төленуі тиіс

Маманның айтуынша, заңда желіде ойын, ұтыс ұйымдастыру мүлдем рұқсат етілмеген. Негізі ұтыстан түскен пайдадан 15% мемлекеттік қазынаға салық  ретінде төленуі тиіс екенін айтады. Ал осы уақытқа дейін ереже сақталмай келмеген.

«Мұндай ұтысты ұйымдастырушылар тауарын жарнамалау арқылы ұтысқа қойылған көліктің ақшасын шығарғанға дейін тауарды сата береді. Мұндай билетпен келетін тауардың құны да маңызды. Кейбіреулер түскен пайданы қайырылымдылыққа кетеді деп айтады, алайда оның шынында солай екенін мемлекет қадағалап, бақылап жатқан жоқ. Алдағы уақытта заң қабылданғаннан кейін толық өзгерістер болады. Желідегі ұтыс ойындардың барлығына тыйым салынады», -дейді Нұржан Мереев.

Журналист, тележүргізуші, ұтыс ойындарын алғашқы боп ұйымдастырушылардың бірі Жанат Бақыт желідегі лотерея өткізуді заңдастыру шешімін қолдайтынын жеткізді.

Ұтыс ойындарын өткізу пайда табудың, өтпей тұрған нәрсені өткізудің, ақша табудың жолы

Бастаманы қолдаймын. Ұтысқа көлік тігіп ойнатуды шыны керек өзім бастағанмын. Заң талаптарына қайшы келген жоқпын деп айта аламын. Үйде отырып билет сатқан жоқпын, салық төйледім. Ұтыс ойындарын өткізу кейін пайда табудың, өтпей тұрған нәрсені өткізудің, ақша табудың жолы ретінде өзгеріп кетті. Осындай жағдайда алаяқтар пайда бола бастады. Солардың жолы қашан тыйылады деп жүр едім. Енді сапасыз лотерея, ойындар азаятын шығар деп үміттеніп отырмын. 

Ұтысты әрдайым акция ретінде, «Дүкеннен зат алсаңыз, ұтысқа қатысасыз» деп жарнама беріп ұйымдастыратынбыз. Әр заттың өзінің нөмірі болады, ол адамның аты-жөнімен бірге беріледі»,- дейді тележүргізуші.

Журналист алдағы уақытта лецензия алу кезінде де түрлі алаяқтықтар болуы мүмкін екенін айтады.

«Әу бастан, лотерея деген сөзді қолданған жоқпын. Себебі оған арнайы рұқсат керек екенін білдім. Жалпы әрбір дүкеннің акция жасауға құқығы бар. Адам тарту үшін ұтысты жарнама ретінде қолданамын. Керемет пайда түседі деп айтпас едім. Себебі өз басым автосалоннан жаңа көлік аламын. Екіншіден, жалға алатын жер бар, қызметкерлердің ақысы — осыларды ескергенде пайда көп түспеуі де мүмкін. Бірақ маркетинг, жарнама үшін ұйымдастыруға туралы келеді. Осындай ұтыстарға қатысты арты дау-дамайға ұласқан жағдайларды естім жүрміз. Осы орайда, мемлекет тарапынан бақылауға алу дұрыс деп есепеймін. Лицензия адал жолмен беріледі деп үміттенемін”, — дейді ол.

Гулзира Айдарбекованың көмекшіс інің айтуы бойынша, Қайрат Нұртас пен оның анасының парақшасында ешқашан лотерея ойнатылмаған. 

«Бізде ешқашан лотерея ойнатылмаған. Алдағы уақытта ұтыс ойындарын ұйымдастыратын жағдайда барлығын заңды түрде өткізетін боламыз»,- деді ол.

Сондай-ақ, тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы да өз парақшасында министрліктің шешімін түбегейлі қолдайтынын жеткізді. 

«Мықтылап алыңызшы қолға осы лотереяны! Маған күніге қаншама оқырмандар жазады: «Пәленшеевадан 10 мың теңгеліктен 5 билет сатып алдым, түк те ұтпадым. Ақшаны кредитке алған едім» деп. Қарапайым халықты да түсінуге болады. Баспанадан қажып кеткендер не болса соған сеніп қала береді. Оларды сөге көрмеңіздер. Не болса да жақсы бастаманы қолға алыпсыз (орфографиясы сақталды-авт.)»,дейді ол жазбасында.

Блогерлер мен әншілер өздерінің осы уақытқа дейін ұйымдастырған ұтыс ойындарын, байқауларын лотереяға қатысы жоқ ойындар деп есептейді. Алайда, Мәдениет минситрі Ақбота Райымқұлова Лотерея операторынсыз (Операторы «Сәтті жұлдыз» АҚ), оператордың лотерея ойнату туралы келісімінсіз жүзеге асырылған кез-келген ойындар заңсыз деп саналатынын алға тартты. Жаңа заң бойынша енді мұндай ойындарды жарнамалағандар да жауапқа тартылатын болады.



stan.kz