Блогер қыз күйеуінің 20 жаcтағы ұлынан жүкті болып қалды – Қазақстан жаңалықтары

0
0
Advertisement

35 жастағы бұрынғы көпбалалы ана және блогер Марина Балмашева өзінің сүйіктісіне олардың ұл баласы дүниеге келетінін хабарлаған видеосымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі.

Оның болашақ күйеуі бұрынғы жолдасының 20 жастағы ұлы – Вова.

«Кешіріңіздер, бірақ мен неге жалғыз жылауым керек? Менімен бірге болыңыздар», – деп жазды қыз Instagram-да.

Желі қолданушылары блогер мен оның сүйіктісін жарыса құттықтап, кадрдың керемет әсер бергенін жазды.

Марина жақында «жасырудан шаршағанын» айтып, өзінің бұрынғы күйеуінің 20 жастағы ұлынан жүкті болғанын хабарлады. Қазір ғашықтар тойға дайындалып жатыр.

Айта кетейік,  Марина Балмашева 60 килограмм салмақ тастап, бес баланы асырап алған соң танымал болды. Алайда ажырасқаннан кейін ол өзі өсірген 20 жастағы өгей ұлымен қарым-қатынасы туралы хабарлады. Әлеуметтік желілердегі оларды сынға алып, теріс пікір жазды. Ал қамқоршылық органдары барлық бес баланы алып кеткен.

 



stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз