Блогер Мерей Абилованың әкесі өмірден өтті
Жастар арасында танымал болған блогер Мерей Абилованың әкесі дүниеден озды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы әкесінің қазасын жеке парақшасында хабарлады.
«Әкешім. Өмірімдегі үлгі тұтатын жан. Сіздің берген өсиетіңізбен бой жеттік. Сізге қарап, өз жұбымызды таптық. Ақ батаңыздың арқасында жаман өмір сүрмедік. Елге қаншама еңбегіңізді тигізіп кеттіңіз. Менің әкем ар-абыройы бойында, әділ, шыншыл жан болды. Енді Алла сізді өз рақымына алсын. Сізді тек жәннатпен сүйіншілесін. Біз артыңызда қалған ұрпақ, құран бағыштап, сізге арнап сауапты істер жасап, Алладан сізге пана сұраймыз», – деп жазды блогер ару.
Еске салайық, Мерейге болашақ жары Париж қаласында ұсыныс жасағанын жазған едік.
“Бірінші кездесуден-ақ қалауымды жеткізе алдым. Мен «үйленуге ұсыныс жасасаң, Парижде жаса» дедім. Осылай айта алғаным үшін өзімді жазғырмаймын. Еркек адам басыңда не барын білмейді. Ойыңды айта алу дұрыс деп ойлаймын», – деген еді блогер.