Blockchain-ді салық жүйесіне енгізу қазақстандықтарға не береді
АСТАНА. ҚазАқпарат — 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС төлеушілерімен ҚҚС бақылау шотын ерікті негізде пайдалана отырып, тауарларға қатысты мәмілелер және ҚҚС сомасы бойынша ақша қозғалысын бөлек есепке алу механизмін енгізу ұсынылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтемемен хабарлайды.
«Қазақстан Республикасы Салық кодексі щеңберінде, қолданылу мерзімі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлеушінің ҚҚС сомасы бойынша ақша қозғалысын бөлек есепке алуға арналған жеке банктік шоты — ҚҚС бақылау шотын ашуы туралы нормалар қабылданды. Яғни, тауарларды жеткізу барысында сатып алушылар мен жеткізушілер арасындағы өзара есеп айырысу үшін контрагенттің ҚҚС бақылау шотына ҚҚС-ты қабылдау, сондай-ақ бюджетке ҚҚС төлеу үшін осы банктік шоттарға транзакциялардың түрін шектеу арқылы операциялардың жеке режимі қолданылатын болады» делінген хабарламада.
Ұсынылған шешімнің негізгі қағидасы ҚҚС-тың қаржы ағындарын бақылау және тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) түпкілікті тұтынушыларына, кейін ҚҚС жедел қайтару үшін, салық төлеушілердің нақты уақыт тәртібінде салық міндеттемелерін орындаудағы айқындылығы болып табылады.
ҚҚС бойынша бақылау шоттарын пайдалана отырып, экспорттаушылар үшін ҚҚС қайтару кезеңдері 55 жұмыс күнінен 15-ке дейін қысқарады, бұл орайда ҚҚС сомасын бюджеттен қайтару тәуекелдерді басқару жүйесін (бұдан әрі — ТБЖ) пайдаланылмайды. ҚР ҚМ Қаржы министрлігінің «ҚҚС-ның асып кету сомаларының және тәуекел критерийлерінің дұрыстығын растау мақсатында ТБЖ-ны қолдану туралы» бұйрығына тиісті өзгерістер осы жылдың соңына дейін енгізілетін болады.
Бұған қоса, Салық кодексі бірінші рет ішкі сатуға арналған ҚҚС-ты қайтаруды қарастырады (қазіргі уақытта тауарларды экспорттау кезінде ғана). Сонымен бірге, мұндай қайтару уәкілетті органмен және нормативтік құқықтық актінің орталық уәкілетті мемлекеттік жоспарлау органымен келісім бойынша тауарлар тізбесіне сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша біртіндеп жүзеге асырылады.