Бюллетеньдерді басып шығаруға 132 млн теңге қажет

0

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына қажетті бюллетеньдерді басып шығару үшін 132 млн 742 мың теңге жұмсайды. Бұл туралы 21 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен ОСК жиынында айтылды.

Сайлау комиссиясының дерегінше, елдегі сайлаушылар саны – 11 млн 947 мың 955 адам. Ал сайлауға 12 млн 67 мың 475 бюллетень қажет. Бір бюллетень құны – 11 теңге.

Қазақстанда 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына жеті кандидат тіркелген:

Қасым-Жомарт Тоқаев – «Нұр Отан» партиясы;

Сәдібек Түгел – «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы;

Амангелді Таспихов – Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;

Дания Еспаева – «Ақ жол» партиясы;

Төлеутай Рақымбеков – «Ауыл» партиясы;

Жамбыл Ахметбеков – Қазақстан коммунистік халық партиясы;

Әміржан Қосанов – «Ұлт тағдыры» қозғалысы.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз