«Бюджетті қайта қарау керек»: Экономистер мұнай бағамына қатысты не дейді? – Қазақстан жаңалықтары

0
71

Бюджетті түзетуге тура келеді, себебі, экономистер мұнайдың қазіргі 37 долларға бағаланған бағамы Қазақстандағы көптеген кен орындарына шығын алып келуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «31 арнаға» сілтеме жасап.

Мұнайдың бір баррелі айдың басында 50 доллар, ал жыл басында 65 доллар тұрды. Алайда, жағдай коронавирус індетіне байланысты өзгерді. Көптеген елдер аурудың таралуын тоқтату үшін транспорттық тасымалды, әуе байланысын тоқтатты. Осының салдарынан әлемдік экономика деңгейі төмендеп, ол мұнай бағасының құлдырауына алып келді.

«Көріп отырғанымыздай көптеген елдер Қытаймен және бір-бірімен тауар тасымалына шектеу қойып, тіпті, тыйым салып жатыр. Бұл, әрине, жаһандық саудаға соққы болды. Сәйкесінше, өндірістік өнеркәсіп те төмендейді»,- деді экономист Қасымхан Қаппаров.

Мұнай бағасын сақтап тұру үшін 6 наурызда ОПЕК+ елдерінің отырысы өтті. Жиын кезінде Сауд Арабиясы мұнай өндіруді жыл соңына дейін қосымша күніне 1,6 млн баррельге дейін азайтуыд ұсынды. Сол кезде жалпы көлем 3 миллионнан аса баррельді құрайды. Дегенмен, Ресей бұл ұсынысқа келіспеді, тиісінше, қазіргі тәулігіне 1,7 млн баррель өндіру туралы келісімнің уақытын созуды ұсынды. Нәтижесінде келісім бұзылып, жағдай нарыққа әсер етті.

Мұнай бағасы төмендеді, бірақ нағыз құлдырау Эр-Риада мәлімдемесінен кейін болды. Олар баға соғысын жариялап, мұнай сатып алушыларға барреліне 8 долларға дейін баға ұсынды. Бұл мұнай бағасының бір баррель үшін 31 долларға дейін төмендеуіне алып келді. Бұл Эр-Риада үшін ешқандай маңыздылыққа ие болмағанымен, Қазақстан үшін қауіпті жағдай.

«Атап өту керек, Сауд Арабиясында баррель үшін 70 доллар, ал Қазақсандағы құрғақ кен орындарындағы мұнайдың орташа бағамы шамамаен 46 доллар. Егер қалыптасқан негативті үрдіс жалғасса, онда бізге бюджетті айтарлық қайта қарау қажет болады», – деді мұнай-газ нарығының сарапшысы Сергей Смирнов.

Бұл жағдай нәтижесін күттіріп қоймады. Ройтер агенттігінің мәліметінше, ОПЕК+ елдері бір күн ішінде 500 млн долларын жоғалтты. Дегенмен, қазіргі таңда доллар бағамы аздап көтеріліп, баррелі үшін 38 доллардан сатылып жатқанын атап өткен жөн.

Мұнай бағасы коронавирус өршуі төмендеп, 18 наурызда өтетін ОПЕК+ елдерінің кезекті бас қосуында мүшелер бір келісімге келіп,  ортақ шешім қабылдағанда қайта өсуі мүмкін.

stan.kz