Бюджеттен президенттікке үміткерлерге 7,5 млн теңгеден бөлінеді — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан әрбір президентікке үміткер азаматқа республика бюджетінен 7,5 миллион теңгеден бөледі. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Сабила Мустафина айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.
Сурет: Kapital.kz
«Біз есептедік, әрбір кандидатқа шамамен 7,5 миллион теңгеден бөлінеді. Қалғандары – олардың қоры», — дейді Мустафина.
Оның айтуынша, шығын сметасын Орталық сайлау комиссиясы бекітеді. Бұл сома ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына таратуға, көлік пен ғимаратты жалға беруге жұмсалады.
Қазақстанда кезектен тыс сайлау 2019 жылдың 9 маусымында өтеді. Орталық сайлау комиссиясының ақпаратынша, президентікке 10 сәуірден бастап 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін үміткер болуға болады. Сондай-ақ, кезектен тыс сайлауға қатысты шараларды өткізу мерзімін ОСК белгілейді.
stan.kz