Бюджеттен чартерге 20,7 миллион теңге бөлінбек: Сапарбаевтың Татарстанға ұшуы үшін бе?

0
240

Жамбыл облысының әкімдігі желіде тараған «Бердібек Сапарбаевтың Татарстанға ұшуына арналған чартерлік ұшақ» туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

PROTenge Telegram-каналында бағасы 20 миллионнан асатын ұшақ туралы ақпарат пайда болған.

«Әкім Сапарбаевқа арналған чартер ме? Тараз Қазан – Тараз – Қазан чартерлік рейсіне бюджеттен 20,7 миллион теңге жұмсауға дайын. Чартермен кім ұшады деп ойлайсыздар? Татар халқымен достықты қолдайтын әкім бе? Не болмаса, ауыр науқас балаларды емдеу үшін ұшақпен жібере ме? Қазақстандық дәрігерлер тәжірибе алу үшін чартерлік ұшақпен ұшатын шығар?» – деп жазады жазба авторы.

Тараз әкімдігі рейс дәрігерлерге арналғанын мәлім етті.

«Қазан – Тараз – Қазан» чартерлік рейсі медициналық көмек көрсету және коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Татарстан Республикасынан дәрігерлер келуіне арналған. Облыстық әкімдіктің басшылығы іссапарларда тек әдеттегі рейстік ұшақтарды пайдаланады», – деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз