Home Жаңалықтар Бюджеті 6 млн 642 мың тг.: Шымкент «сары аймаққа» өткен күні «Жайдарман»...

Бюджеті 6 млн 642 мың тг.: Шымкент «сары аймаққа» өткен күні «Жайдарман» ұйымдастырылды

0
591
Фото: azattyq.org

1 сәуірде Шымкент «сары аймаққа» кірген күні қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы «Жайдарман» көңілді тапқырлар сайысына ұйымдастырды.

Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шараға 30-дан аса команда қатысып, жүзге жуық көрермен залдан тамашалаған.

Ұйымдастырушылар шара барлық санитарлық талапты сақтап өтті дейді. Бірақ

Шымкент қаласы бас санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев 26 наурыз күні қалада карантинді 12 сәуірге дейін ұзарту жөнінде қаулы шығарған. Қаулыда кез келген іс-шара өтетін залды 30 пайыз ғана толтыруға, бірақ 50 адамнан артық жинауға тыйым салынған.

Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметке сай, әкімдік бұл сайысқа 6 млн 642 мың теңге бөлген.

31 наурыз Шымкентте 51 адамнан коронавирус анықталды. 1 сәуірде қала вирустың жұғу қарқыны бойынш «сары аймаққа» кіргені хабарланды. Қалада оннан аса мектеп онлайн оқуға көшті. Былтырғы наурыздан бері Шымкентте 6856 адамға коронавирус жұққан.

Наурыздың ортасынан бастап Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар күрт өсіп, күніне 1500-1800 адамнан вирус табылып жатыр. Елдің ірі қалаларында карантин шаралары қатаңдатылып, адам көп жиналатын шараларға тыйым салынды. Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «реалистік сценарий» бойынша елде сәуір-маусымда 250 мың адамға вирус жұғып, 127 мың адам ауруханаға түседі деп болжайды.