«Бізге вирус әкелдің». Ақтаулықтар 17 жылдан беріп тұрып жатқан Үнді азаматына қысым көрсеткен

0

Ақтаудан келген Үндістан азаматы коронавирустың жаңа штаммына байланысты жергілікті тұрғындардан қысым көріп жүргенін айтты, — деп хабарлайды «Астана» арнасы.

Вадодория Хитеш Қазақстанда 17 жылдан бері тұрады. Бірақ ол елде үнді-дельта вирусы пайда болғаннан кейін оның өмірі күрделене түскенін айтады. Жергілікті тұрғындар оған тиісіп, кейде тіпті «қауіпті инфекцияны әкелдің» деп айыптайтын көрінеді.

“Мен базарға бардым, бейтаныс адам үстімнен күлді. «Сіз үндіссіз бе?» деп сұрады. Мен “Иә” десем, ол “Бізге үндіс келді, енді жақында локдаун болады” деді. Мен “Бұл штаммды ойлап тапқан үнділер емес. Біз бұл үнді штаммының халыққа жайылғанын қаламаймыз” дегенімде, олар мені мазаққа айналдырды. Мұнда үнді штаммы деп аталады, бірақ бұл негізінде дельта деп аталуы тиіс”, — дейді Ақтау қаласының тұрғыны Вадодория Хитеш.

Бұл ретте Маңғыстау облысында әзірге дельта вирусының бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, олар Сovid-19 бар жиырма науқастан сынама алып, оларды Алматыға зерттеуге жіберген.