«Бізге тыныштық берсін»: Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің бірінші отбасына қатысты өз шындығын айтты (видео)

0

Осыған дейін қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова сұхбат беріп, бұрынғы күйеуі туралы жан сырын ақтарған болатын. Әнші Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бірінші отбасына қатысты өз шындығын «1001 түн» бағдарламасында айтып берді, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Бағдарлама барысында әнші қызы Мерейді туған бауырынан асырап алғанын айтты. Сонымен қатар Мақпал Жүнісова қызының Заманбек Нұрқаділовтің бірінші отбасынан туған балаларымен неліктен араласпайтынын да түсіндіре кетті. «Ана үйдегі кімдермен де жақын араласуына болатын еді, Зәкең жағынан да. Бірақ, ол жақтағы бәйбіше.. Бәйбіше емес қой, бұрынғы ажырасып кеткен әйелі. Заңды әйелі — менмін. Ол кісі Зәкеңнің көзі тірісінде балаларын араластырмады. Мерейдің маңдайынан бір сүймеген адамдар. Зәкеңнің жоқ болғанына 18 жыл болды ғой. Бір келіп, Мерейдің маңдайынан сүймеген адамдар. Бұл қыз мектепке барды, мектепті бітірді. Біреуі келіп құттықтап, бір кірген емес. Зәкеңнің зейнетақысына таласқасын не сұрайсыз? Зәкең қайтыс болғанда Қайрат — 38-де, Құралай — 33-те болды. Сөйтіп отырып, олар зейнетақысына таласты. Мереймен Зәкеңнің зейнетақысын 18 жыл бойы бөлісті. Осыдан кейін қандай туысқандық болуы мүмкін? Біз Зәкеңді құрметтейміз. Зәкеңнің шаңырағының иесіміз. Сондықтан да бізге тыныштық берсін. Менің өтінішім, бұл тақырыпты енді қысқарту керек. Әруаққа тыныштық берсін», — деді Мақпал Жүнісова. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мақпал Жүнісова қызы Мерейді туған бауырынан асырап алғанын айтып, жан сырын ақтарды.