«Бәріне түкіргеніміз бар. Жүрегіне пышақ сұқтық». 4 оқушы қыз жасөспірімді тікелей эфирде өлтірді

0

АҚШ-та жасөспірімдер 15 жастағы қыз баланы өлтіріп кетті.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, оқиға АҚШ-тың Луизиана штатындағы Walmart супермаркетінде болған.

12-14 жастағы қыз балалар 15 жастағы жасөспірімді өлтірді деген күдікпен ұсталды. Олар қылмыс жасалған сәтті видеоға түсіріп, Facebook және Instagram желілері арқылы көрсетіп отырған.

Қыздардың бірі жәбірленушінің жүрегіне пышақ сұғып алдық деп айқайлайды.

«Біз тура қазір жүрегіне пышақ сұғып алдық. Бәріне түкіргеніміз бар» деді олар.

Кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың пышақты ұрлап алғаны белгілі болды.

Олардың неге қылмысқа барғаны айтылмайды. Полиция кикілжің көрші кинотеатрда басталған болуы мүмкін деді.

15 жастағы қыз бала көз жұмды.