Біздің не көретінімізді сіз шешетін болғансыз ба? – Баян Мақсатқызы Нұртас Адамбайға жауап берді
Продюсер Баян Алакөзова «Buzz Lightyear» мультфильмінің Қазақстанда тыйым салынуына қатысты пікір білдірді.
«Неге бұл мультфильмді көру немесе көрмеу туралы шешімді сіз қабылдайсыз?! Мен «әзірге» зайырлы елде тұрамын, мен дәстүрлі емес бағыттың өкілдерімен араласамын және олармен доспын. Шоу-бизнес пен сән индустриясында олард жеткілікті, олар керемет адамдар және өз саласының кәсіби мамандары. Мен оны қолдап не оған қарсы шығып жатқаным жоқ, тек зайырлы елде өмір сүргім келеді. Біз адам табиғатын өзгерте алмаймыз, мұндай адамдар осы планета тұрғындарының 4% құрайды, олар барлық уақытта болған, бар және болады. Немен күресіп жатырсыз, шындықпен бе?» деді ол өз парақшасында.
Бұдан кейін Баян Алакөзова әріптесі Нұртас Адамбайға жауап берді.
«Менің түсінгенім бойынша, енді не көретінімізді, нені көрмейтінімізді сіз шешесіз бе? Қалай болғанда да, болашақ американдық және еуропалық фильмдердің барлығында дәстүрлі емес мазмұн болады. Ал «Келинка Сабинада» да ондай тұстары бар. Мен оған да тыйым салуды ұсынамын! Шынымен ақылға қонымсыз емес пе?!» дейді продюсер.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық продюсер Нұртас Адамбай мемлекет басшысынан біржынысты кейіпкерлері бар Buzz Lightyear мультфильмінің көрсетілімін тоқтатуды сұраған болатын.
Мультфильмге Таяу Шығыста, соның ішінде Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінде тыйым салынғаны белгілі.
Кейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев бұл анимациялық фильмнің еліміздің кинотеатрларында көрсетілмейтінін айтты.