«Біздің киім — тәнімізге шақырту емес!». Қазақстандықтар қысқа юбка киген қыз жайлы «ғибратты» видеоны талқылап жатыр — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандықтар қысқа юбка киген қыз жайлы түсірілген «ғибратты» видеороликті қызу талқылап жатыр. Титрлардан, бұл видео Шымкент жастар ресурстық орталығының тапсырысы бойынша түсірілгені жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео мазмұны бойынша таксист қызды киіміне қарап жөзекше екен деп қалады, содан соң, қазаққа тән киініп жүру керектігін айтады.

Белсенді Фариза Оспан виктимблеймингті (зорлық құрбанын айыптау) одан ары өршітетінін айтқан.
«Сіздер қыздарға не киіп, не кимеу керектігін нұсқауға құқықтарыңыз жоқ. Біздің киім — тәнімізге шақырту емес! Одан да зорлықшылармен айналысып, полцияның жұмыс істеуін қадағалаңыздар!», — деп пікірін білдірді ол Instagram-да.

«Видео зорлық құрмандарын кіналайды, «дұрыс киінбеген» қыздар мен әйелдердің стигматизациясын насихаттайды», — дейді тағы бір желі қолданушысы.

Жастар ресурстық орталығында роликтің негізгі идеяларымен және көзқарастарымен келіспейтінін мәлімдеді.

«Talas киноорталығымен қысқа ғибратты бейнероликтерін жасау туралы келісім жасалғаны рас,  алайда «Жезөкше» деген атаумен бейнероликтерін түсіру туралы келісім болған жоқ. Орталық тарапынан роликтің сценарийі бекітілмеген. Бұл роликке қаржыландыру қарастырылмайды. Егер орталық тарапынан қандай да бір қателіктер болса, кешірім өтінеміз», — делінген орталық Sputnik Қазақстан-ға берген пікірінде. 

Talas киноорталығының YouTube-арнасында видео 429 мыңнан астам рет қаралған, 25 мың лайк пен 500-ден астам дизлайк жинаған. Бейне астында авторлардың идеясы ұнаған Қазақстандықтардың пікірлері аз емес.

«Қандай тамаша кино»,» қыздар бұл видеоны көруі тиіс», «мұндай роликтерді теледидардан көрсету керек» деп жазды желі қолданушылары.

Бұған дейін жас ғалымдар Альянсының төрағасы Әсия Ермұхамбетова ЕҰУ оқытушысы Ерлан Сүлейменмен жазбасын жариялаған.

«Ол ер адам сексист, ұлтшыл және араздықты қоздыратын (атап айтқанда, «әйелдерді ұрып-соғуға болады және қажет»деген) пікір білдірді».

ЖОО-ның Әдеп жөніндегі комиссиясы Сүлейменнің іс-әрекетін «жалпыадамзаттық мінез-құлық нормаларына сәйкес келмейді»деп таныды. Университет ректоры қызметкермен еңбек қарым-қатынасын бұзуды шешім қабылдады.

2020 жылдың наурыз айында абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дәрісінде оқушыларды оқуға емес, тууға бала шақырған болатын.

Ал 2019 жылы  Депутат Қарақат Әбденнің «Сен қазақтың қызысың. Мақтан ет» кітабына қатысты әлеуметтік желілерде қазақстандықтар қазіргі заманғы қыз қандай адамгершілік қасиеттерге ие болуы тиіс деген пікір айтты.

 

 



stan.kz